project
Ғылыми қызмет

Компанияның тарихы 2020 жылдан бастап құрғақ торкреттік қоспаларды әзірлеу бойынша ғылыми идея құрылған сәттен басталады. Қазақстанда бұрын осы салада зерттеулер болмағанын ескере отырып, ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін әзірлеу және коммерцияландыру тәжірибесі бар, ғылым, технология және бизнес өкілдерін қамтитын пікірлестерден тұратын топ құрылды.

2021 жылы қолданыста бар және өндірісте қолданылып жатқан торкреттеу технологияларының әртүрлі патенттік базаларындағы ақпаратты талдауды қамтитын іздеу патенттік зерттеулер жүргізілді, торкреттеу процестеріне әртүрлі ғылыми тәсілдер қарастырылды, әртүрлі торкреттеу технологияларын пайдаланудың халықаралық тәжірибесі талданды.

2022 жылы торкрет-бетонды пайдалану салалары айқындалды, торкреттеу процесінің негізгі техникалық шешімдері қарастырылды, әрбір шешім техникалық-экономикалық және құндық сипаттамаларды айқындау тұрғысынан талданды, зерттеудің заманауи әдістері қолданылды: бағдарламаланатын жабдықта сынақтар жұргізу және МС (мемлекеттік стандарттарға) сәйкес ашық алаңдарда да, шахта жағдайында да стандартталған сынақтар жүргізу.

2023 жылы құрылыс объектілерінің күрделілік дәрежесі мен деңгейіне байланысты торкрет қоспасының бірқатар жаңа рецептері әзірленді және жақсартылған техникалық көрсеткіштері бар отандық пилоттық әзірлеу негізінде торкрет қоспасының өнеркәсіптік

project
Нәтижелер

Осы уақытқа дейін келесі нәтижелерге қол жеткізілді:

Ұсынылған торкрет қоспасын өндіру технологиясының жергілікті қамту үлесі 95,77% құрайды, яғни бәсекелестерге қарағанда әлдеқайда жоғары. Нарықта ұсынылған барлық бәсекелестердің тек біреуінің ғана жергілікті қамту үлесі 30%-дан аспайды.

Отандық торкрет қоспасының түпкілікті бағасы нарықтағы бәсекелестердің бағасынан 15%-ға және одан да төмен.

Өнертабысқа патент алынды.

Жоба «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ ғылыми-техникалық базасында тіркелген.

Ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыру шеңберінде «Ғылым қоры» АҚ-мен шарт жасалды.

Құрғақ торкрет қоспасы Қазақстан Республикасының сметалық-нормативтік базасына енгізілді (коды 232-503-0700/01, ССО, шілде 2024, «ҚазҚСҒЗИ» АҚ).

Ірі тау-кен компанияларымен жасалған келісімшарттар бойынша міндеттемелер сәтті орындалуда.