«Quartz Sand Group» ЖШС – құрғақ торкрет қоспалары мен байытылған кварц құмын өндіруге маманданған отандық өндірістік инновациялық компания. Патенттелген тауар белгісі «QazQuartz».
Компания қазақстандық ғалымдармен бірлесіп ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобасын іске асырады, өндіріске енгізеді және жетілдірілген технологиялық сипаттамалары бар жаңа қоспаларды нарыққа шығарады; құрғақ торкрет қоспаларына арналған толтырғышты (кварц құмын) кептіру және жуу бойынша жеке карьерлері мен автоматтандырылған кешендері бар.